Текст
2020-21 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап біздің мектептегі сабақтар барлық санитарлық - эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып,штаттық режимде қайта басталады: әлеуметтік қашықтық, бет перде режимі, қол гигиенасы. Пәндердің 70% - ы бір сынып-бір кабинет қағидаты бойынша штаттық режимде оқытылатын болады.30% пәндер қашықтан режимде. Сыныптың толымдылығы 15 адамнан аспайды, сондықтан мектеп екі ауысымда жұмыс істейді. Оқушыларға кіре берісте температура өлшенеді, сынып кабинеттерінде санитарлық бекеттер қарастырылған. Желдету және дезинфекциялау кестелері бекітілді. Әр оқушының жеке қорғаныс құралдары болуы керек-3 бет перде және антисептик.