Текст
2023.04.04 - Кәсіптік бағдар-бұл жастарды еңбек нарығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып, мамандық таңдауға дайындауға, жастарға кәсіби өзін-өзі анықтауға және жұмысқа орналасуға көмектесуге бағытталған ғылыми негізделген іс-шаралар жүйесі. "Бурабай ауданы Қатаркөл ауылының ауыл шаруашылығы колледжі" МКҚК кәсіби бағдар беру мақсатында біздің мектепке келді. 9-11 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізіліп, колледж жұмысы, оның негізгі бағыттары мен мамандықтары туралы презентация көрсетілді. Оқушылар спикерлерді қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды.