Бүгін No2 ЖББОМ 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар тестілеу өткізілді.
Өткізген тестілеуден оқушылар өздеріне қай кәсіптік сала жақын екенін біліп, мамандық таңдау туралы бейнероликті көріп, түлектерге мамандық таңдауға көмектесетін «Мансап компасы» платформасымен танысты. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысы оқу-тәрбие жүйесі болып табылады. Оқушыларға мамандықтардың әлеуметтік-экономикалық және психофизикалық сипаттамалары туралы қажетті білім көлемін алуға бағытталған жұмыс.
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының мақсаты:
- оқушыларға оқу профилін және болашақ кәсіптік қызмет саласын таңдау процесінде кәсіптік бағдар беруді қамтамасыз ету;
- мектеп оқушыларының мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, қызмет саласын таңдау еркіндігі жағдайында кәсіби өзін-өзі анықтауды дамыту.
Педагог-кәсіптік бағдар беру маманы Фертых И.Б.