Бүгін мектебімізде 9–11-сынып оқушыларына арналған маңызды кездесу өтті. Іс-шара “Сарбат-Ақжол” оңалту орталығы” қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Біз теолог Абзал Сәрденовты қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Ол жастарды деструктивті жалған діни ағымдарға тартудың алдын алу тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында Абзал Сәрденов оқушыларды қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, діни экстремизмге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің әкімшілік баптарына тоқталды. Сонымен қатар, қатысушылар тақырыпты кеңірек түсіну үшін ақпараттық бейнероликтерді тамашалады. Кездесу соңында барлық оқушыларға пайдалы ақпарат қамтылған буклеттер таратылды. Сондай-ақ, оқушылар көкейкесті сұрақтарын қойып, оларға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Бұл олардың аталған мәселеге саналы көзқараспен қарауына септігін тигізді.
Іс-шараға белсенді қатысқан барлық жандарға алғысымызды білдіреміз. Осындай кездесулер оқушыларымыздың ақпараттылығын арттырып, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлесін қосады деп сенеміз.