2024 жылғы 22 мамырда мектебімізде «Қауіпсіз жазғы демалыс» тақырыбына арналған жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Күн тәртібінде жазғы демалыс кезеңінде балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелер талқыланды. Ата-аналар алдында Сандықтау аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бас маманы Айсина Евгения Васильевна сөз сөйледі. Ол жаз мезгілінде орын алуы мүмкін тамақтан улану қаупі туралы ескертіп, балалардың денсаулығын сақтау жөнінде ұсыныстарын бөлісті. Сандықтау аудандық полиция бөлімінің лейтенанты Балташев Алмас Қуанышбекұлы демалыс кезінде оқушылар арасында орын алуы мүмкін құқықбұзушылықтар мәселесін көтеріп, ата-аналардың қырағылығы қажет екенін баса айтты. Сандықтау аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, майор Жангожин Асет Нұрғазәліұлы судағы қауіпсіздік және терезе жанындағы тәртіп ережелері туралы баяндап, жаз мезгілінде балаларға жіті бақылау жасау қажеттігін еске салды. Оқу ісі жөніндегі орынбасар Покамина О.Г. ата-аналарға емтихан өткізу кестесін таныстырып, оқу жылының маңызды кезеңіне дайындық жүргізді. Мектеп психологы Швецова Н.Н. жиналған қауымды жағымды көңіл күйге бөлеп, балаларға жазғы демалыста қалай демалуға болатыны, күйзелісті жеңу жолдары мен қызықты әрі қауіпсіз демалыс ұйымдастыру жайлы кеңестер берді. Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Белялова Д.К. мектеп формасына қойылатын талаптарды еске салып, мектеп дресс-кодын сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
Ата-аналар жиналысы мазмұнды әрі нәтижелі өтті. Бұл ата-аналардың жазғы демалыс кезеңінде балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ниетті екенін көрсетті.