Эколог күні мен Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған іс-шара аясында мектебімізде «Бізді қоршаған әлем» атты экологиялық викторина өтті. Іс-шараның мақсаты: табиғат туралы білімді кеңейту және тереңдету, экологиялық білім деңгейін арттыру, экологиялық мәселелерге назар аударту; шығармашылық шешімдер табуға қызығушылықты дамыту, жылдам реакцияны, тапқырлықты, ойлау қабілетін, логиканы, зейінді дамыту; командалық жұмысты нығайту. Іс-шара барысында оқушылар табиғаттың таңғажайып әлеміне қызықты саяхат жасады. Олар адамның қоршаған ортамен байланысы туралы пікірлесіп, адамның кінәсінен туындаған экологиялық мәселелермен танысты, өсімдіктер, жануарлар, құстар, жәндіктер және экологиялық жағдайлар тақырыптары бойынша әртүрлі сұрақтарға жауап берді. Балалар командалық ойындарға белсене қатысты, онда олар табиғатты жақсы білетіндерін көрсетті. Іс-шара барысында орман жұмбақтарын шешті, экологиялық викторина сұрақтарына жауап берді, мақал-мәтелдерді, табиғатты жырлаған атақты жазушылардың шығармаларын еске түсірді. Іс-шара барлығына өте ұнады.