Мектеп жанындағы лагерьге қатысушылармен бірге мектеп психологы назарды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар өткізді. Назар – оқушылардың оқу әрекетіндегі жетекші танымдық психикалық үдерістердің бірі. Оқу материалын түсінбеу, тапсырмаларды орындаудағы қателіктер, жұмысты бастау мен оны жүйелі жүргізе алмау – бұл қабілеттің жоқтығынан, ойлау шапшаңдығының төмендігінен немесе есте сақтау қабілетінің нашарлығынан емес, жеткіліксіз назар аударудан туындайды. Бүгінгі таңда балалардың назар деңгейінің төмен болуы – ата-аналар мен педагогтарды алаңдататын өзекті мәселе. Назарды дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар назардың шоғырлануы, тұрақтылығы, таңдамалылығы мен көлемі сияқты қасиеттерін жақсартуға мүмкіндік береді. Демалысымызды пайдалы өткіземіз!