Назарларыңызды балаларды қоғамдық және жеке көлікте тасымалдау ережелеріне аударамыз. Осы ережелерді сақтау – сапар кезінде балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды шарты.
1. Балаларға арналған автокреслоны пайдалану: - 12 жасқа дейінгі балаларға жасына және салмағына сай автокреслоны пайдалану міндетті. Бұл жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алу қаупін едәуір төмендетеді.
2. Қауіпсіздік белдігін тағу: - 12 жастан асқан балаларды қоса алғанда, барлық жолаушылар қауіпсіздік белдігін тағуға міндетті. Балаңызға белдікті дұрыс тағуды үйретіңіз және оның бұл ережені сақтауын қадағалаңыз.
3. Қоғамдық көліктегі қауіпсіздік: - Маршруттық такси, автобус және троллейбуспен жүргенде балаңызды қолыңыздан ұстап, оның тәртібін бақылаңыз. Оған көлікке дұрыс мініп-түсуді түсіндіріңіз.
4. Сапарды алдын ала жоспарлау: - Ұзақ жолға шығатын болсаңыз, балаңызбен көлік ішіндегі тәртіп пен қауіпсіздік шараларын алдын ала талқылаңыз.
5. Балаңызға үнемі назар аударыңыз: - Балаларды аялдамада немесе адамдар көп жиналатын жерлерде қараусыз қалдырмаңыз.
6. Үйрету және ақпараттандыру: - Балаңызға жол қозғалысы ережелері мен көліктегі тәртіп туралы үнемі еске салып отырыңыз.
Осы қарапайым, бірақ маңызды ережелерді сақтау – балаңыздың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға көмектеседі. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!