Текст
Бүгін кәсіби бағдар беру мақсатында "Балкашино ауылының №2 жалпы білім беретін мектебі" КММ 9-11 сынып оқушылары Сандықтау ауданының ұйымдарына аттанды. Оқушылар аудандық байланыс торабына, мұрағатқа, Қазақтелеком, 17-ӨСБ өрт сөндіру бөліміне, "Будаев" ЖК және аудандық мәдениет үйіне барды. Ұйым басшылары оқушыларды жылы шыраймен қарсы алып, осы ұйымдар жұмысының құрылымы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ұйым басшыларына жылы қабылдағаны, қызықты экскурсиясы және егжей-тегжейлі әңгімесі үшін алғыс айтамыз. Бұл кездесулер біздің балаларға болашақ мамандықтарын таңдауға көмектесті деп үміттенеміз. Аудандық ұйымдардың басшыларына зор денсаулық және жұмыста табыс тілейміз!