Уақыт байқаусыз өте береді: 5, 10,15, 20,30…
Ауғаныстандағы соғыстың аяқталғанына да 3,0 жыл болды. Ауған соғысы тарихқа енді. Бірақ әлі күнге дейін қаза тапқандардың және қайтып келгендердің дауыстары бізді алаңдататын болады. Ауған соғысы қорқынышты он жылға созылды, бір кездері бұл "интернационалдық борышты орындау" деп аталды. Жақындарын жоғалтқан адамдар үшін, жастық шағы соғыс пен ыстық ауғандық күннің астында өткізгендер адамдар үшін Ауған соғысы жансыз – жара болып қала береді. Соғыс баяғыда аяқталсада, бірақ өмірдің қалған жылдарына ауыртпашылығы қала береді. Жақын адамның, кейде жалғыз адамның өлімі-бұл қорқынышты күйзеліс. 15 ақпан-ерекше күн. Бұл Кеңес әскерлерін Ауғанстан жерінен шығарылған күні. Бүгін Сандықтау ауданының Балкашин №2 орта мектебінде Ауған жауынгерлерімен кездесу өтті.
Біздің кездесуімізді бүгін мен "Тірі естелік"деп атадым. Өйткені Ауғанстанда соғысқан адамдар тірі. Тірі, себебі қаза болғандар туралы естеліті жолдастары мен олардың отбасылары мен жақындарын естерінде сақтайды. Бұл туралы естелік біздің есімізде әңгілемер мен өлеңдер арқылы қала береді. Бұл күн еске алу күні болды.