Текст
Наурыз рухани жаңғыру мейрамы қарсаңында Балқашин №2 орта мектебінде «Келіні жақсының керегесі алтын» атты келіндер сайысы өткізілді. Аталған сайыс қазақтың қасиеті саны жеті турдан тұрды. Сайыстың Гран-при иегері орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Жалкенова Асия Курмангожаевна жеңіп алды. Бірінші орынды ағылшын тілі мұғалімі Жақсыбаева Лейла Жангазыевна, екінші орын химия және биология пәнінің мұғалімі Покамина Ольга Генадьевна иеленді. Сайысқа қатысқаны үшін бастауыш сынып мұғалімі Эдильбаева Рахима Абылсабитовна және математика мұғалімі Коклягина Валентина Григорьевна марапатталды.