Балкашин №1 орта мектебінің базасында "Инновациялық қызмет арқылы білім сапасын арттыру" тақырыбында аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: білім беру мекемелерінің жаңартылған мазмұнының өзекті мәселелері бойынша инновациялық қызметін зерделеу, нормативтік – құқықтық құжаттарды жүйелеу, оқу – тәрбие үдерісін сүйемелдеу бойынша әдістемелік көмек көрсету. Семинарды ұйымдастырушылар Ақмола облысы Білім басқармасының оқу - әдістемелік кабинетінің мамандары – Кушпаева Гүлнар Бүркітбайқызы (п.ғ. к., оқу –әдістемелік кабинет директорының орынбасары ), Баганалинова Раушан Болатқызы(оқу – әдістемелік кабинеттің мектепке дейінгі және орта мектеп бөлімінің басшысы), Қажығалиева Шолпан Қалиқызы (оқу –әдістемелік кабинеттің тәрбие бөлімінің басшысы) Семинарға аудан мектептерінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары шақырылды. Іс-шара өте пайдалы болды, себебі ұйымдастырушылар ауылдық әріптестеріне әдістемелік көмек көрсетті. Мектеп фойесінде ауданның барлық мектептерінен әдістемелік көрме ұсынылды. Қатысушылар мұғалімдердің сабақтарына қатысты. Аудан педагогтары арасында сауалнама жүргізілді. Мектеп фойесінде ауданның барлық мектептерінен әдістемелік көрме ұсынылды. Қатысушылар мұғалімдердің сабақтарына қатысты. Аудан педагогтары арасында сауалнама жүргізілді. Семинардың әрбір қатысушысы өздеріне көп пайдалы ақпарат алып, болашақ жұмысқа қол жеткізді.