Текст
16 маусым жазғы шуақты күні мектеп жанындағы "Айгөлек" лагерінің балалары әртүрлі балық түрлерін аулау үшін алыс жүзуге аттанды. "Акулалар" және "Теңіз итбалықтары" екі балық аулау командасына бөлініп, балалар зейінді ,логикалық ойлауды, қозғалыстарды үйлестіруді, ептілік пен жылдамдықты, ұсақ моториканы дамытуға арналған конкурстарға қатысты. Олар теңіз тақырыбында ойындар ойнады және күннің соңында әр команда өздерінің "Көңілді аквариумын"жасады.