Бүгін біз "Айгөлек"мектеп жанындағы лагерінде екінші ауысымның жабылуына арналған соңғы лагерь мейрамына жиналып отырмыз. Лагерь-бұл кішкентай өмір!Лагерьдегі барлық ауысым көңілді, қызу өтті, күн сайын қызықты оқиғалар мен іс-шараларға толы болды. Дәстүр бойынша, лагерь ауысымының жабылуында балалар ауысым барысында болған барлық жақсылықтарды еске алды.Бағдарлама өте мазмұнды болды: жорықтар, экскурсиялар, сондай-ақ түрлі викториналар, спорттық іс-шаралар, тақырыптық күндер өткізілді. Тәрбие жұмысы жазғы сауықтыру лагерінің жоспарына сәйкес жүргізілді. Өткізілген іс-шаралар әртүрлі қызмет түрлерін біріктірді: серуендеу, жарыстар, әңгімелер, викториналар, спорттық іс-шаралар, эстафеталар. Пайдалы өткізілген күндер балалардың есінде ұзақ сақталатынына сенімдіміз.