Сабақтың мақсаты: балаларды интернетке тәуелділіктен қорғау мақсатында интернеттің қауіптілігіне оқушылардың назарын аудару. Сабақ барысында балалардың интернетті пайдаланған кездегі қауіпсіздік мәселесі көтерілді. Оқушылар интернетті пайдалану кезінде туындауы мүмкін қауіптер, желілік қауіптерден қорғану жолдары, интернетке тәуелділік мәселесі, әлеуметтік желілердегі өзін-өзі ұстау ережелері туралы білді. Сынып жетекшісі балаларға интернеттің тәуелді екенін айтты. Ольга Александровна сынып сағатында оқушылардың назарын Интернеттегі барлық ақпаратқа сенуге болмайтындығына, фактілерді талдай білуге, зиян келтіретін сайттарға бармауға аударды.. Сынып сағатының тақырыбы бойынша оқушылар тақпақтар дайындады."Fixie - кеңестер. Интернетте абай бол" мультфильмін тамашалады. Жалпы жұмыс мазмұнды, қызықты және ұйымшыл болды.