Текст
Үйірме жұмыстары оқушылардың тапқырлығын, зерделілігін, математикалық ойлауын дамытуға бағытталған. Үйірме сабақтары ойын түрінде өтеді. Сабақ барысында балалар: ойын-сауық материалымен, санау таяқшаларымен жұмыс жасайды, дене жаттығуларын орындайды, көзге жаттығулар жасайды. Сабаққа арналған барлық материал балалардың жас ерекшеліктеріне, жеке ерекшеліктеріне сәйкес таңдалып, тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді. Оқытуда заңдылықтар мен қарапайым алгоритмдерді білуге әкелетін логикалық тапсырмалар басым болады. Математикалық үйірме жұмысының арқасында жазғы уақытта оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесі жартылай шешілді.