"Қауіпсіз мектеп автобусы" Республикалық акциясы.
2020 жылдың 22 қыркүйегінен 25 қазанына дейін жаңа оқу жылының басталуына дайындық аясында "Балкашин №2 орта мектебі " КММ-де "Қауіпсіз мектеп автобусы" атты республикалық акциясы басталды.
Акцияның мақсаты оқушыларды оқу орнына тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп автобусымен балаларды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Ұран - "Қауіпсіз мектеп автобусы үшін".
Республикалық акция-бұл балаларға, ата-аналарға және қоғамға жол қозғалысы қауіпсіздігі мен балаларды тасымалдау ережелері туралы тағы бір ескерту.
Акция аясында келесі іс-шаралар жоспарланды және өткізілді:
- ЖҚЕ бойынша парақшалар, брошюралар таратумен жол қозғалысы ережелерін түсіндіру бойынша Қауіпсіздік сабақтары;
- оқушылар арасында сынып сағаттарын өткізу.
- сурет байқаулары.
- ЖҚЕ бойынша әлеуметтік роликтер көрсету және т. б..
Шаруашылық бөлімінің меңгерушісі С. В. Есин оқушылар және автобус жүргізушісімен нұсқаулық өткізеді деп жоспарланды.
Аталған іс-шаралар жол қозғалысына қауіпсіз қатысу дағдыларын, жолдардағы зейінділікті және оқушылардың тіршілік қауіпсіздігі дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.